ШЫМКЕНТ: штаб отырысында инвестициялық 9 жоба ұсынылды

0
796

led экран шығаратын зауыт, автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт, пенопласт өндіруші кәсіпорын жобалары бар.


ШЫМКЕНТ: штаб отырысында инвестициялық 9 жоба ұсынылды

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күн тәртібінде көтерілген мәселе 2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалу барысы және алдағы айлардың жоспары туралы болды.

Биылғы жылға инвестициялық әлеует 721 миллиард теңгеге жоспарланған. Жыл басынан бері, яғни нақты айтқанда 2023 жылдың 6 айында 223,6 миллиард теңге орындалды. Жыл соңына дейін 278,6 миллиард теңге инвестиц тарту межеленген. Оның ішінде бюджеттік инвестициядан игерілетіні 217 жобаны құрайтын 112 миллиард теңге.

Бүгінгі штаб отырысында 9 жоба ұсынылды. Олардың қатарында led экран шығаратын зауыт, автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт, пенопласт өндіруші кәсіпорын жобалары бар. Жобалар «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалдық аймағында орналасады.

Бұған дейін инвестициялық штаб отырыстарында қатысушылар біршама ірі жобаларды қарастырған болатын. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атайтын болсақ, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған түркиялық инвесторлардың бастамасымен сусындар зауыты, инвестициялық көлемі 5 миллиард теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау зауыты, темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілу сатысында.

Әсіресе, биыл ашылуы тиіс ішкі және сыртқы кәріз жүйелерін және ПВХ-дан жаңбыр суағарларын өндіру зауытының құрылысы 60 пайызға дайын. Автомобиль әйнегін шығару зауыты, керамикалық тақталар өндірісі, көпфункцияналды қойма кешені де қаланың экономикалық даму көрсеткішін ілгерілететін тетіктердің бірі.

Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы инвесторларға мемлекет тарапынан қолдаулар кедергісіз көрсетілуі қажет екенін айтып, басқарма басшыларына жер және инфрақұрылымдық мәселелеріне қатысты тапсырмаларды жүктеген болатын.