ШЫМКЕНТ: «Тарихқа тағзым күні» аясында тарихшылар бас қосты

0
2 955

Кездесуге Атырау облысынан блогерлер арнайы келіп қатысты.


ШЫМКЕНТ: «Тарихқа тағзым күні» аясында тарихшылар бас қосты

Шымкентте «Наурыз Шымкенттен басталады» онкүндігінің аясында іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі күн, яғни 17 наурыз - «Тарихқа тағзым күні» аталуына байланысты Шымкент қаласының 2200 жылдығы тақырыбына арналған Цитадельде PUBLIC TALC форматындағы тарихшылармен кездесу өтті.
Шымкент – Қазақстандағы тарихы терең қалалардың бірі. Тарихшылардың зерттеуі бойынша, шаһардың негізі қаланғанына екі мың жылдан асқан. Бұл қала маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи жәдігерлер негізінде дәлелденген. Қазіргі кезде осы жәдігерлер мұражайда сақталып, қала тұрғындары мен қонақтарының тамашалайтын көрнекті жеріне айналған.
Қала тарихына арналған кездесулердің Цитадельде ұйымдастырылуының маңызы зор. Іс-шарада тарихшылар, музей қызметкерлері келушілерге қала тарихы жөнінде баяндап, музеймен таныстырды. Кездесуге Атырау облысынан блогерлер арнайы келіп қатысты.