​«Шымкент-Ташкент» бағытында халықаралық автобус қатынай бастады

0
955

Жалпы, автобустардың жиілігі күніне 3 рет.


​«Шымкент-Ташкент» бағытында халықаралық автобус қатынай бастады

«Шымкент-Ташкент» бағытында халықаралық автобус бағыты жүре бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент пен Ташкент арасында туристік ағынды арттыру үшін жаңа жобалар іске асуда. Соның бірі – екі қаланы байланыстыру үшін іске асқан «Шымкент-Ташкент» бағыты. Өткен апта ішінде «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Silk Road» ЖШС басшылығымен екіжақты келісім бойынша меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум аясында аталған компания жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін қала орталығынан көлік қатынасын жасауға уағдаласқан болатын.
Нәтижесінде, осы аптадан бастап «Шымкент-Ташкент» бағытында халықаралық автобус бағыты жүре бастады. Жолаушылардың «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығы маңындағы туристік автобустарға арналған «Bus stop» тұрақтарынан мінуіне болады. Жалпы, автобустардың жиілігі күніне 3 рет: 08:30, 13:30 және 19:30-да.
Бұл бағыт – екі ел арасындағы туристік ағынды арттыруға ықпал етпек. Айта кетерлігі, билеттерді туристік ақпараттық орталықтың “visit-shymkent.kz” сайтынан онлайн түрде де сатып алуға болады. Жалпы, Шымкент қаласына келуші шетелдік туристер саны бойынша Өзбекстан екінші орынды құрайды. Бауырлас елден өткен жылы 2 мыңға жуық адам Шымкент қаласына саяхат жасау мақсатында келіп, орналастыру орындарының қызметіне жүгінген.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласына келуші туристер саны – 316 832 адамды құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша статистика 213 394 адамға жеткен болатын. Бұл пайыздық көрсеткіш - мегаполиске келген азаматтар санының 148,5 пайызға ұлғайғанын көрсетеді.
Соның ішінде, Қазақстанның 300 мыңнан астам тұрғыны мен шетелдің 14 мыңнан астам азаматы Шымкент қаласына саяхаттау, іскерлік, кәсіптік, сондай-ақ жеке мақсатта сапарлатып келген. Келуші туристердің басым бөлігі Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Сауд Арабиясы, Франция, Германия, Италия және АҚШ азаматтары.