Қазіргі таңда келіссөздардің соңғы сатылары жүргізілуде.
Қала орталығынан "Шымкент-Ташкент" бағытында автобустар қатынамақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Visit Shymkent» орталығы мен «Silk Road» ЖШС арасында келісім жасалды.
Алдағы уақытта аталған жолаушылар компаниясының автобустары Шымкент Плаза маңындағы туристік автобустарға арналған «Bus Stop» тұрақтарынан қатынайды.
"Шымкент-Ташкент" халықаралық автобус бағытының екі ел арасындағы туристер ағынан арттыруға ықпалы мол. Сондай-ақ «Silk Road» ЖШС-нің көліктері маркетинг саласы бойынша жарнамалық насихат жұмыстарына атсалыспақ. Қатынау жиілігі күніне үш рет: 08:30/13:30/19:30 .
Қазіргі таңда келіссөздардің соңғы сатылары жүргізілуде. Жолашуылар көлігінің нақты жолға шығу күні алдын-ала хабарланады.
Айта кетейік, билеттерді Visit-Shymkent.kz порталынан алу мүмкіндігі қарастырылған.