ШЫМКЕНТ: Тассай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды

0
628

Жиын соңында барша тұрғындар жолдауды қолдайтындарын жеткізді.


ШЫМКЕНТ: Тассай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды

ҚР Президентінің Жолдауы аясында Шымкент қаласы Тассай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесуде Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Жадыра Таңатарова мен Қайрат Имашев Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылап, басым бағыттарға тоқталып өтті.

Жиында жаңа экономикалық саясат, саяси реформалардың мәні, әлеуметтік даму мәселелері айтылды. Халықтың денсаулығын нығайту, білім саласы мен жастарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыға түсті.

Жиын соңында барша тұрғындар жолдауды қолдайтындарын жеткізді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының мүшелері Бадам тұрғын алабының тұрғындарымен де жүздесті. №97 мектепте өткен жиынға білім ошағының ұжымы мен жергілікті тұрғындар қатысты. Президент Жолдауында берілген тапсырмалардың еңбек адамына тиер игілігі сөз болды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға баса назар аударды. Мысалы, бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы аналарға төленетін жәрдемақы мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылып отыр. Ал әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырылды. Бұған қоса сәбилерді балабақшамен қамту 100 пайызға жеткізілмек, – деді «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова.

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласын дамыту, жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне баса назар аударылғаны түсіндірілді. Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы негізгі шаралардың маңыздылығы айтылды.

Еске сала кетейік, AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері мен мәслихат депутаттарының қала тұрғындарымен кездесулері одан әрі жалғасуда.