Тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.
Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы негізгі көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 6.00-ден бастап атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жұмыстарға «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің 160-қа жуық қызметкері және 42 техникасы жұмылдырылып, көшені механикалық тазалау жұмыстары да қатар жүргізілуде.
Жалпы аудан бойынша негізгі 83 көшенің мехникалық және қолмен тазалау жұмыстарына жауапты – «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС. Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және ішкі орамдық көшелердің тазалығына «Ақсемсерстройсервис» ЖШС жауапты болып бекітілген.
Тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.