Ауыз су мәселесі бойынша жауапты сала мамандарына тапсырма берілді.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Текесу тұрғын алабына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бірнеше күн бұрын текесулықтар ауыз су құбырында ақау туындап, соның салдарынан су қысымының төмендегенін айтып шағымданған болатын.
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мамандарымен бірлесе аталған мәселе жан-жақты зерделенді.
Аудан әкімі су ұңғымасы орналасқан жерге барып, жағдаймен толық танысты. Ауыз су мәселесі бойынша жауапты сала мамандарына тапсырма берілді. Бірнеше күнде тұрғындардың мәселесі толық шешімін табады.
Қаладан 22 шақырым қашықтықта орналасқан елдімекенде 140 үй, 700-ге жуық тұрғын бар.