ШЫМКЕНТ: Техникалар жүргізушілерімен топырақ астында қалып екеуі қаза болды

0
1 546

Тағы біреуі құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.


ШЫМКЕНТ: Техникалар жүргізушілерімен топырақ астында қалып екеуі қаза болды

фото: zakon.kz.

8 қараша күні сағат 21.15-те Шымкент қаласы Əкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан құрылыс нысанында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент Ішкі Саясат Басқармасының facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

08.11.2019ж. сағат 21.15-те нысанның қазаншұңқыр (котлован) қазу барысында 3 техникаға (1 погрузчик, 1 каток, 1 эксковатор) қазаншұңқыр топырағы құлап, техникалар жүргізушілерімен топырақ астында қалған.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құтқару жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар тарапынан 2 жүргізуші топырақ астынан табылды. Каток жүргізушісі 1993 жылы туылған Тулебаев Талғатқа жедел жəрдем тарапынан көмек көрсетілді, экскаватор жүргізушісі 1972 жылы туылған Калжигитов Бахыт оқиға орнында қайтыс болған. Погрузчик жүргізушісі Орынбаев Екентайды іздестіру жұмыстары жүргізіліп, 1 сағаттан соң денесі табылды.

Оқиғаның алдын-ала болжамды себебі: құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер «Югстройсервис-Н» ЖШС тарапынан қауіпсіздік техникасы жəне құрылысты жүргізу технологиясы сақталмаған.

Нысан атауы: «Шымкент қаласының Əкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты 56 пəтерлі No46; No47; No48 тұрғын үйлерді салу»; Тапсырыс беруші: Шымкент қаласының құрылыс басқармасы; Бас мердігер: «Югстройсервис-Н» ЖШС;
Техникалық қадағалаушы: “Арх.строй сервис-А” ЖШС Авторлық қадағалаушы (жобалаушы):«Jer Group» ЖШС; Конкурстық құны: 1 982 821 мың теңге; Құрылыстың басталған мерзімі:08.10.2019 жыл. Құрылыстың аяқталу мерзімі:2020 жыл.