Шымкент циркінің мамандары балаларға шеберлік сағатын өткізді

0
570

Шеберлік сағатының барысында балалар атқа қалай отыру керегін, жылқымен жұмыс істеудің пайдасы туралы танысты.


Шымкент циркінің мамандары балаларға шеберлік сағатын өткізді

Шымкент қаласындағы «Цирк» мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернатының 15 оқушысы мен қызығушылық танытқан балалар және ата-аналар қатысты. Олар Шымкент-Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты.
Шеберлік сағатының барысында балалар атқа қалай отыру керегін, жылқымен жұмыс істеудің пайдасы туралы танысты. Балалардың бәрі ат үстіне мініп мәз болып, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты.
Иппотерапияға қатысқан балалардың басым көпшілігінде ой-өрісінің кеш дамуы, қимыл-қозғалысының әлсіздігі бар. Ал оны емдеуге жылқыға мініп жаттығу көмектеседі.
Қосалқы мектеп-интернатының меңгерушісі де балалардың айрықша қуанғанын айтып, Шымкент-Циркке алғысын білдірді. Алдағы уақытта Цирк ұжымы ерекше балалардың оңалуы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.