“Kazakh Tourism” компаниясы ұйымдастырған бұл фоторамка еліміздің туристік маңызы жоғары 20 өңірінде қойылуда.
Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Цитадель қамалы аумағында жаңа фотозона орнатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
“Kazakh Tourism” ҰК” АҚ-ның бастамасымен “Neo Nomad 2022” республикалық акциясы аясында іске асқан жоба - нысанға келген қала тұрғындары мен туристер үшін естелік жасауға мүмкіндік болмақ.
“Kazakh Tourism” компаниясы ұйымдастырған бұл фоторамка еліміздің туристік маңызы жоғары 20 өңірінде қойылуда. Соның бірі - Шымкент қаласындағы Цитадель. Талап бойынша, жыл ішінде барлық 20 өңірде болып, фотоға түсіп, #NeoNomad2022 хэштегі мен @kazakhtourism_official, @travel.kazakhstan парақшасын белгілеп салған инста-оқырман арнайы сыйлыққа ие болады.
Одан өзге, Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Шымкент қаласындағы фоторамкада суретке түсіп, естелік жасаушылар арасында да 3 жеңімпазды анықтап, сыйлықтар ұсынбақ. Толық ақпарат @visitshymkent парақшасында.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласына келуші туристер саны – 316 832 адамды құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша статистика 213 394 адамға жеткен болатын. Бұл пайыздық көрсеткіш - мегаполиске келген азаматтар санының 148,5 пайызға ұлғайғанын көрсетеді.
Соның ішінде, Қазақстанның 300 мыңнан астам тұрғыны мен шетелдің 14 мыңнан астам азаматы Шымкент қаласына саяхаттау, іскерлік, кәсіптік, сондай-ақ жеке мақсатта сапарлатыпкелген. Келуші туристердің басым бөлігі Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Сауд Арабиясы, Франция, Германия, Италия және АҚШ азаматтары.
Шымкент қаласы өткен жылдың қорытындысымен Республикада келуші туристер санымен 6-орынға жайғасқан. Ал, оның ішінде келуші шетелдік азаматтар бойынша 3-орынды құрап отыр.
Туристер үшін Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы тарапынан жыл ішінде 153 экскурсия ұйымдастырылған.