Ол ресми түрде бекітілмеген құжат.
Шымкент қаласы Тұран шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әлі бекітілген жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығымен Шымкент қаласына республикалық маңызға ие қала мәртебесі берілді. Бұл қаланың жедел дамып, тұрғындар санының көбеюіне ықпал етті. Қазірдің өзінде Шымкентте қала тұрғындарының 70 пайызына жуығы жеке секторда өмір сүріп жатыр. Осыған орай бүгінде көпқабатты тұрғын үй салуға басымдық беріліп отыр.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы заңының 47-1-бабында елді мекеннің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспары негізінде елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленеді. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының игерілу мерзімі 5-10 жыл.
Талдау нәтижесінде 2021 жылы Тұран шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзету енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп, бірнеше нұсқасы әзірленді.
Әлеуметтік желілер мен телеарналарда таралған ақпараттарда Тұран шағын ауданы тұрғындарының алаңдаушылығын туғызған мәлімет – жоғарыда айтылған егжей-тегжейлі жобалау жоспарының бір нұсқасы ғана.
Ол ресми түрде бекітілмеген құжат.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, қаланың дамуына қатысты кез келген мәселе тұрғындардың пікірі мен көзқарасын ескере отырып қабылданады.
Сондықтан заң талаптары мен құрылыс нормаларына сәйкес Тұран шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы нақты бекітілмей тұрып, бұл мәселе бойынша алдын-ала қоғамдық тыңдалым өткізіледі.
Қоғамдық талқылаудың өткізілетін орны мен уақыты алдын-ала бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға хабарланатын болады.
Қоғамдық тыңдауда тұрғындар егжей-тегжейлі жобалау жоспарын бекіту мәселесі бойынша дауыс береді. Яғни, түпкілікті шешімді тұрғындардың өздері қабылдайды.