ШЫМКЕНТ: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

0
1 518

Ақшалай төлем ардагерлердің әйелдеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған.


ШЫМКЕНТ: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

9 мамыр - Жеңіс күніне орай Шымкент қаласындағы 40 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 1 млн. теңгеден беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақшалай төлем ардагерлердің әйелдеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған.

Атап айтқанда, 3851 тыл ардагерге 33 336 теңге, 1490 соғыс ардагеріне теңестірілгендерге 100 000 теңге, 31 қызметтік міндеттерін атқару кезінде жараланып,мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге тұрмаған әйелдеріне 33 336 теңге, қайтыс болған 224 ҰОС мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне 33 336 теңге беріледі.

Бұдан бөлек, Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған бес азаматқа 63 894 теңгеден, бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде мүгедек болып қалған 346 әскери қызметшілерге 105 564 теңгеден біржолғы ақшалай төлем қарастырылған.