Жалпы аталмыш сайыстың маусымашар кезеңіне 33 команда қатысып, финалдық кезеңге 6 команда жолдама алған.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жалпы аталмыш сайыстың маусымашар кезеңіне 33 команда қатысып, финалдық кезеңге 6 команда жолдама алған. Атап айтқанда «Ақбұлақ», «NO COMMENTS», «Тамыр», «Бәрекелді кірпі», «Абырой», «Төле би», командалары финалдық кезеңге өткен болатын.
Ойын барысында, екі сәлемдесуде 6 команда жекпе-жек ойын көрсетті.
Жеңімпаз 3 команда финалдық ойында өз өнерін көрсетіп, нәтижесінде «Абырой» командасы жеңімпаз атанды, ІІ орын - «Бәрекелді кірпі» командасы, ІІІ орын - «NO COMMENTS» командасына бұйырды. Ал, үздік ойыншы номинациясын «Бәрекелді кірпі» командасының ойыншысы Олжас Уалиханов иеленді.