ШЫМКЕНТ: «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» атты акция өтті

0
776

Аталған акцияның басты мақсаты – жас жеткіншектерді отансүйгіштікке баулу және олардың ерең еңбегін насихаттау.


ШЫМКЕНТ: «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» атты акция өтті

Шымкент қаласында «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» атты акция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған акцияның басты мақсаты – жас жеткіншектерді отансүйгіштікке баулу және олардың ерең еңбегін насихаттау. Бүгінгі іс-шарада мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін білім алу тәртібі туралы сөз қозғалды.

Тәуелсіз мемлекетімізде ұлы қасиеттердің бірі тіліміз бен бабалардың салған сара жолы екенін жастар ұмытпауы керек. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, елі мен жерін қорғау жолында қазақ сарбаздарының көзсіз батырлығы, қайталанбас ерліктері алтын әріптерімен жазылды. Бәрімізге ортақ міндет – ол жастарға тарихты ұмыттырмай, өз Отанын қорғауға және оның мүддесі үшін қызмет етуге дайын азаматтарды қалыптастыруға өз үлесімізді қосу, - деді ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің аға офицері Ғалымжан Жұмабаев.
Айта кетейік, жауынгерлік және әскери-кәсіптік даярлықта, әскери тәртіпте жоғары нәтижелер көрсеткен жағдайда екі жыл ішінде ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО-да тегін білім ала алады. Ол үшін ЖОО-ның білім беру бағдарламасын таңдап, Қорғаныс министрлігінен ұсыныс алады. Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткеру нәтижелері негізінде тегін жоғары білім беру жөнінде шешім қабылдайды.