Сайысқа этностық топ өкілдері санатындағы жастар қатысып, қазақ тіліндегі көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті.
Бүгін Шымкент қаласының «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайысқа этностық топ өкілдері санатындағы жастар қатысып, қазақ тіліндегі көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті, классик ақындарымыздың топтамаларынан өлеңдер оқып, поэмаларынан үзінділер келтірді.
Қазылар алқасының ұйғарымымен «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысының жеңімпаздары болып І-дәрежелі дипломмен – Mohd Farhad Aoub, ІІ-дәрежелі дипломмен – Рахметова Рухшона, ІІІ-дәрежелі дипломмен – Махаматкулова Дилмира марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Барлық қатысушыларға «Қазақтану» жобасын іске асыруға қосқан үлестері мен азаматтық белсенділіктері үшін Алғыс хаттар табысталды.