ШЫМКЕНТ: Жәрмеңкеде карантин талаптары қатаң сақталуы керек

0
839

Жәрмеңкенің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру.


ШЫМКЕНТ: Жәрмеңкеде карантин талаптары қатаң сақталуы керек

Шымкентте коронавирус індетіне қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Осыған орай қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумақтарында демалыс күндері ауыл ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі қайта өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жексенбіде Қаратау ауданы «Рахима Плаза» сауда үйінің жанында жәрмеңке қайта ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру.
Іс-шара барысында аудан әкімдігінің және аудандық СЭС мамандары карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда. Аудан әкімдігі жәрмеңкеге келуші қала тұрғындарына сақтық талаптарын қатаң сақтап, бетперде де болу керектігін ескертеді.