«Шымкент жастар лигасы»: Шахматтан финал өтті

0
746

130 команда қатысты.


«Шымкент жастар лигасы»: Шахматтан финал өтті

«Шымкент жастар лигасы» жобасының шахмат спорт түрінен финал ойыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы ойын финалдық ойынды ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
«Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда.
Атап айтқанда, Абай ауданында - 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында - 40, Қаратау ауданында – 38.
Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2265 оқушы қамтылды.
Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.
Шахматтан 130 команда қатысып финалдық кезеңге Абай ауданынан:
1. Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі;
3. №2 дарын;
4. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;
Әл-Фараби ауданынан:
1. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;
2. А.С.Пушкин атындағы мектеп – гимназиясы;
3. Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы;
4. №45 мектеп-гимназиясы;
Еңбекші ауданынан:
1. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
2. А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі;
3. Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы;
4. Акпан батыр атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі;
Қаратау ауданынан:
1. №68 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. №89 IT мектеп-лицейі;
3. №69 жалпы орта білім беретін мектебі;
4. №88 жалпы орта білім беретін мектептері өтті.
Нәтижесінде І-орын Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі, ІІ-орын Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы, ІІІ-орын Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы иеленді.
Жеңімпаз командалар 1 маусым күні Қажымұқан орталық стадионында марапатталатын болады.