Осы жылдың қазан айында басталып 2022 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.
«Шымкент Жастар Лигасының» екінші кезеңі қазан айында басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» жобасы қолға алынған. Екінші рет өтетін спорттық іс-шара осы жылдың қазан айында басталып 2022 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева брифинг барысындамәлімдеді.
«Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізу жоспарлануда», - деді басқарма басшысы.