ШЫМКЕНТ: «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмыссыздықтан құтылуға болады

0
2 095

Шымкент қаласында жастар практикасы тиімді ұйымдастырылған.


ШЫМКЕНТ: «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмыссыздықтан құтылуға болады

Шымкентте жас мамандарға арналған 5689 уақытша жұмыс орындары бекітілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Атап айтсақ, 2019 жылдың басынан бері Шымкенттегі 640 мекеме мен ұйым тарапынан жастар практикасын ұйымдастыру бойынша өтініш түскен. Осы кезең ішінде 5689 уақытша жұмыс орындары бекітіліп, 367 мекеме және ұйымдармен келісімшарт түзілген. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Шымкенттің еңбек нарығында денсаулық сақтау саласының мамандары (тіс дәрігерлері, акушерлер, медбикелер), техниктер мен технологтар, стандарттау және сертификаттау мамандары, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мамандары, биологтар мен мұнай және газ кәсібінің иегерлері, туризм және ауылшаруашылық мамандары үлкен сұранысқа ие екені анықталған.


Ал, өз кезегінде Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы жас буын өкілдерін «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша алғашқы еңбек тәжірибесінен өтуге шақыруда. Бұл бағдарламаға техникалық, кәсіби орта арнаулы оқу орындарын бітірген, жоғары білім алған және жоғары білімін жетілдірген, оқу орнын соңғы үш жылға дейінгі кезең ішінде бітірген және жасы 29-ға дейінгі жастар қатыса алады.


Сонымен қатар, қаржыландыруы республикалық бюджет есебінен жүргізіліп, бір айлық еңбек ақы көлемі 63 125 теңгені құрайтын «Жастар практикасы» бойынша жұмыс істеу уақытша сипатта болып, ол алты ай мерзімге ғана жалғасады.

Айта кетейік, «Жастар практикасы» барлық меншік түріндегі мекемелер мен ұйымдарда жүргізіледі және тиісті өтінішті бір жылдан кем емес мерзім бойынша жұмыс істейтін жұмыс берушілер бере алады.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігі