ШЫМКЕНТ: жемқорлыққа қарсы мобильді топ қала тұрғындарына тегін құқықтық қызмет көрсетті

0
405


ШЫМКЕНТ: жемқорлыққа қарсы мобильді топ қала тұрғындарына тегін құқықтық қызмет көрсетті

Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен халыққа заңгерлік көмек көрсету бойынша әлеуметтік акция өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысына адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері қатысты.
Орталыққа келген тұрғындар білім беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау салаларындағы құқықтық мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында Еңбек мобильділігі орталығына келушілергк Антикормен (call-орталық 1424) кері байланыс арналары туралы түсіндірме ұйымдастырылып, пара талап еткен жағдайда не істеу керек туралы брошюралар таратылды.
Бөлісу