ШЫМКЕНТ: Жемқорлыққа қарсы орган басшылары жер қатынастары саласының мамандарымен кездесті

0
1 143

Мамандар ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жайлы сөз етті.


ШЫМКЕНТ: Жемқорлыққа қарсы орган басшылары жер қатынастары саласының мамандарымен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынуды қарау шеңберінде қалалық жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының ұжымымен кездесу өткізді - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Қабылбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және басқарма ұжымы қатысты.
Кездесу барысында Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары К.Қабылбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның алдын алу жұмысының әдістері туралы хабардар етті. Қатысушыларға сотқа дейінгі тергеудегі қылмыстық іс бойынша түсіндірме берілді. ҚР МҚІСЖҚА Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ азаматтардың өміріне қолайлы жағдай жасау мақсатындағы «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ауқымдылығымен таныстырды.