ШЫМКЕНТ: Жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

0
1 070

Бұл аппараттар жай-күйі ауыр науқастарды емдеудің барлық кезеңінде де қолдануға қажет болады.


ШЫМКЕНТ: Жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

Емдеу мекемесіне «Sauap» белсенділер тобының атынан оттегі концентраты және пульсоксиметр құрылғысы берілді. Науқастарды емдеуде мүмкіндігі зор бұл құрылғы жұмысты жеңілдетеді дейді мамандар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде жомарттық танытқан белсенділер тобына алғыс айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Медицина қызметкерлері бұл аппараттарды жай-күйі ауыр науқастарды емдеудің барлық кезеңінде де қолдануға қажет болатынын алға тартуда.
Айта кетейік, Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығында коронавирус және пневмония дертінің ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алады. Індетпен күрестің алғы шебінде жүрген орталық дәрігерлері күні-түні аянбай еңбек етуде.