ШЫМКЕНТ: “Жұлдыз” индустриялық аймағында 50-ден астам жоба іске асады

0
574

5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылады.


ШЫМКЕНТ: “Жұлдыз” индустриялық аймағында 50-ден астам жоба іске асады

Шымкент қаласы “Жұлдыз” индустриялық аймағында 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтар мен көлік-логистикалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді.
Бүгінде бұл аймақтарда Түркия, Қытай, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Еуропа, Таяу және Қиыр Шығыс елдерінен қазақстандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен 11 мың жұмыс орнымен 300 млрд.теңгеге-189 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде бүгінгі таңда 160 млрд.теңгеге 124 жоба іске асырылды және 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, елімізде алғаш рет, жалпы алаңы 306 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылуда. Жаңа индустриялық аймақтың аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және т. б. салалар 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 200 млрд. теңгеден аса қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде.
Айта кету керек, Шымкентте өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша 54 кәсіпорынның шығарған өнімдері тұрақты түрде экспортқа шығарылуда.