Шымкент: Жұмысшылардың 10 миллион теңге жалақы қарызы қайтарылды

0
643

Биыл 8 кәсіпорын жалақыдан 74 жұмысшыға 14 млн 104 мың теңге қарыз болған.


Шымкент: Жұмысшылардың 10 миллион теңге жалақы қарызы қайтарылды

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы төрағасының айтуынша, биыл 8 кәсіпорын жалақыдан 74 жұмысшыға 14 млн 104 мың теңге қарыз болған. Бұл қарыз бойынша үш жақты комиссияның көмегімен 37 жұмысшының алдындағы 10 млн 764 мың теңге өндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Қазір Шымкентте еңбек мәселесіне қатысты 3 жақты комиссияның жұмысы әкімшілік-әлеуметтік әріптестер тарапынан үлкен белсенділікке ие болып, жаңа деңгейде жүргізіліп отыр.

- Нормативтік-құқықтық құжат көмегімен жұмысшы да, жұмыс беруші де өз құқығын қорғай алады. Бірақ өкінішке қарай, біздегі жеке кәсіпорындардың ұжымдық шартты жұмысшылармен бекіту деңгейі өте төмен,- дейді Берік Айдарбекұлы.