​Шымкент жылыту маусымына 97% дайын

0
1 672

Мегаполистегі 1 мың 848 көпқабатты үйдің 97 пайызының жылу құбырлары тексерілген.


​Шымкент жылыту маусымына 97% дайын

ERNUR.KZ. Қалаға 5 мың 526 тонна қатты отын жеткізілген, деп жазады 24.kz.

Мегаполистегі 1 мың 848 көпқабатты үйдің 97 пайызының жылу құбырлары тексерілген. Қазіргі таңда үйлерді жылыту маусымына дайындаумен 11 сервистік компания айналысуда. Сондай-ақ Шымкентте 33 шақырымдық жылу құбырлары толығымен жаңарған. Ал қала аумағындағы көмір тұтынатын жеке секторлар 78 мың тонна қатты отын түсіріп алған. Бұл көмір тұтынатын халықтың әзірге 80 пайызы ғана. Қоймаларда сатылымға арналған 30 мың тонна көмір дайындалды.

«Биыл жылу бағасы қалпында қалады», – дейді монополияға қарсы департамент мамандары.

Нұрлан Жаманкөз, қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

- Жылу маусымы біздің сыртқы ауамыз 5-8 градус болып үш күн ұстаған кезде қала әкімінің өкімімен басталады. Сол кезден бастаймыз. Бүгінгі таңда 3 қазандық 100 пайыз дайын. Жылу беруге. Бір трубогенератор. Көпқабатты тұрғын үйлер дайын. 1848 үйден 1792 үй бүгінге дайын. 56 үй дайын емес. Ол бойынша аудан әкімдіктері жұмыстарын атқарып жатыр.