3-қабаттан құлаған қыздың қасына келіп ешқандай көмек көрсетпестен кете барған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 19 жастағы бойжеткен 3-қабаттың терезесінен өзін өзі тастап жіберген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
А. есімді бойжеткенді 2019 жылдың 18 қаңтарында С. есімді азамат қалауынсыз алып қашып, бір апта өткен соң зорлайды да, түрлі сөздермен қорлап, өз-өзіне қол жұмсау жағдайына жеткізеді.
3-қабаттан құлаған қыздың қасына келіп ешқандай көмек көрсетпестен кете барған. Жедел жәрдемді көшедегі жүргіншілер шақырған. Ауруханада оның телефонын алып қойып, қыздың ата-анасы қайғылы оқиға жайында тек бір тәуліктен соң ғана біледі.
«Осы жылдың 31 қаңтарында 19 жасар қыз өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасау жайты бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы «адамды өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге баруға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін күдікті Әл-Фараби ауданының ПБ-на жеткізілді.
ҚР ҚПК-нің 201 және ҚР ҚК-нің 147-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайды”, - делінген Шымкент қ. ПД Баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.