ШЫМКЕНТ: Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өтті

0
857

Кездесу барысында студенттерге отбасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кеңес айтылды.


ШЫМКЕНТ: Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өтті

Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Болашақ колледжінде зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуге тәжірибелі психолог Атаева Жанат Қалназарқызы, Болашақ колледжінің психологы Абенова Қарашаш Нысанқызы, тәрбие іс жөніндегі басшы орынбасары Сурашова Айнаш Серікқызы, Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары Сайдахан Жібек пен Айда Қалдыбай және Болашақ колледжінің студенттері қатысты.
Президент жолдауында айтып өткендей, «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды».
"Жүздесуде студенттерге жауапкершілік және өзін-өзі дамыту жайында да кеңестер берілді. Шымкенттегі білім беру мекемелерінің барлығында психолог мамандар жұмыс істейді. Жасөспірімдер білікті мамандарға жүгінсе болады. Бірлеске іс ғана нәтижесін береді. Осы тұста, тек студенттерге ғана емес, ата-аналар да бала тәрбиесіне қатысты іс-шараларға атсалысса, жұмысымыз өз нәтижесін берер еді", – деді тәжірибелі психолог Жанат Атаева.

Кездесу барысында студенттерге отбасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кеңес айтылды және олардың арасында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.