Шымкентте қазір 14-29 аралығындағы 239 986 жас бар, бүгінде олар қала халқының 22,3% құрайды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 9 айда атқарылған есебін қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Басқарма бүгінде 5 бағыт бойынша жұмыс атқарса, соның бір бағыты – жастар саясаты. Шымкентте қазір 14-29 аралығындағы 239 986 жас бар, бүгінде олар қала халқының 22,3% құрайды. Есепті кезең бойынша 10 215 жас жұмыспен қамтылған.
Волонтерлікті қолдау мақсатында Meyirim.kz электрондық қайырымдылық порталы іске қосылған. Қазір онда 31 қайырымдылық қоры, 19 заңды тұлға, 4 әлеуметтік дүкен, 73 ерікті тіркелген. Бүгінге дейін портал арқылы 3 773 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілген.
Қаладағы волонтерлік ұйымдар бүгінге дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға 7000-ға жуық азық-түлік себетін таратқан.