17 этномәдени бірлестіктің жанынан жастар қанаттары құрылған.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 100-ден астам этнос өкілдері мекен етеді және 17 этномәдени бірлестіктің жанынан жастар қанаттары құрылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 29 «Достық» клубы ашылып, жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 090 200 адамға жетті. Олардың ішінде жастардың үлесі жалпы халық санының 22,2%-ын құрайды. Яғни, үшінші мегаполисте 239 986 жас бар. Шымкентте 9 жоғары және 38 арнаулы оқу орны болса, онда жалпы 113 881 студент білім алады.
Мемлекет басшысысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бағытында жастар арасында кездесулер ұйымдастырылды.