​Шымкентте 11 мыңнан астам отбасы әлеуметтік көмек алды

0
960

Шымкент қаласында 2022 жылдың 1 наурыздағы жағдайы бойынша 11309 отбасындағы 55,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.


​Шымкентте 11 мыңнан астам отбасы әлеуметтік көмек алды

Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан жұмысқа қабілетті адамдармен әлеуметтік шарттар түзіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, әлеуметтік көмек алушы 55 700 азаматтың 17 мыңнан астамы еңбекке қабілеттілер болса, қалғаны 18 жасқа дейінгі балалар мен студенттер, зейнеткерлер және т.б.
Еңбекке қабілеттілердің ішінде 8570-нің жүгіну мезетінде жұмысы барлар, 143-і жұмыссыздар, 8670-і 1,2 топ мүгедектері мен бала күтімімен айналысатындар.
Жыл басынан бері көмек алушы 19 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.