Шымкентте 12,5 млн теңге қарызы бар әйел жаяу қалды

0
297

Ақпаратты полицейлердің қызметтік планшетіне орнатылған «Қорғау» бағдарламасы берді.


Шымкентте 12,5 млн теңге қарызы бар әйел жаяу қалды

ERNUR.KZ. Шымкентте «Қорғау» қосымшасы 12,5 млн. теңге қарызы бар әйелді анықтап, көлігі автотұраққа қойылды.


Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторларына қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы ақпарат түскен. Ақпаратты полицейлердің қызметтік планшетіне орнатылған «Қорғау» бағдарламасы берді.


Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12 500 000 теңге қарызы бар екені анықталды.


Патрульдік полицейлер көлікті Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында ұстады.

Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертілді.Көлік айып-тұраққа қамалды.