Шымкентте 14 көшеге «Сергек» қойылды

0
2 376

Бір тәулік ішінде 224 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оларға 3 млн. 111 мың 360 теңге әкімшілік айыппұл салынды.


Шымкентте 14 көшеге «Сергек» қойылды

Шымкентте 5 қаңтардан бастап 14 көше бойына «Сергек» жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Сергек» жүйесінің бір функциясы қазір қолданыста. Кеше, бір тәулік ішінде 224 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оларға 3 млн. 111 мың 360 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Құқық бұзушылықтардың мекен-жайларына хабарлама барған күннен бастап 7 тәулік ішінде, салынған айыппұлдың 50 пайызын төлеуге мүмкіндігі бар. Айыппұлдан түскен қаржының бәрі мемлекет бюджетіне түседі.

Өткен жылы 322 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 76 адам қаза болған. 406 азаматтар әр түрлі дене жарақаттарын алған.

Биыл наурыз айына дейін 320 жерге «Сергек» жүйесін орнату жоспарлануда.

«Сергек» жүйесі қала көлемінде жол көлік оқиғасының азайтуға септігін тигізді.

«Сергек» жүйесі ауа-райының қолайсыз жағдайларына қарамайды. Барлық уақытта бір қалыпты жағдайда жұмыс істейді.