Шымкентте 16 жастағы қыз 5 қабаттан құлап кетті

0
778

Жасөспірім ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.


Шымкентте 16 жастағы қыз 5 қабаттан құлап кетті

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 16 жастағы қыз 5 қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға Асар-2 ықшам ауданында, кеше сағат 22:00 шамасында болған.

Жасөспірім ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Полиция департаментінде оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Аталған жайт Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.