Шымкентте 230 тонна бензинді заңсыз сатқан жанармай құю бекеті анықталды

0
887

Мұнай өнімінің құны 39,1 млн. теңгені құраған.


Шымкентте 230 тонна бензинді заңсыз сатқан жанармай құю бекеті анықталды

Шымкент қалалық МКД қызметкерлері жеке кәсіпкердің жанармай құю бекетін тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкерлері 2019 жылдың 10 қазанында жеке кәсіпкердің жанармай құю бекетін тексеріп, нәтижесінде есепке алатын бақылау аспаптарын (ЕБА) айналып өтіп, құны 39,1 млн. теңгені құрайтын 230,3 тонна бензинді өткізу деректері анықталған.


Сондай-ақ, бұл құқықбұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 281 бабының 5 бөлігінің 10 тармақшасына сәйкес, 50 АЕК мөлшерінде айыппұлмен қоса, сот шешімі негізінде мұнай өнімдерін тәркілеу қарастырылған.