Шымкентте 24 жастағы келіншек үшем босанды

0
914

Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы.


Шымкентте 24 жастағы келіншек үшем босанды

Шымкент қаласында тағы үшем туылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің салмақтары екі келіден жоғары.
24 жастағы үшемнің анасы Шымкентбаева Ақмаралға дәрігерлер 19-тамыз күні кесір тілігін жасап, босандырып алған. Дүниеге келген үшем реанимация бөлімшесіне жатқызылған. Реанимациядан кейін қарқынды терапия бөлімшесінде ем алды. Күту кезеңі оң динамикасын көрсеткен соң жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақталып, жалпы бөлімшеге ауыстырылды.
Жаңа туған нәрестелерге Ахметжан, Ақжан және Мухаметжан есімдері берілді.
Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы. Жас ана мен үшемдер 12 күннен кейін Перинаталдық орталықтан үйлеріне шығарылды.