Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 28 жасар бойжеткен өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
18 қыркүйек күні Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына қаладағы үйлердің бірінің ауласында 1993 жылы туылған азаматшаның өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тіркелді.
Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.