Шымкентте 283,8 шақырым жол пайдалануға берілді

0
1 959

Бүгінде 3 құрылыс және 3 қайта құру нысандары ел игілігіне жұмыс істеп тұр.


Шымкентте 283,8 шақырым жол пайдалануға берілді

Шымкентте биыл 416,8 шақырым жол жөнделді. Оның 283,8 шақырымы осы жылы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, биыл автомобиль жолдарын дамытуға 32,3 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Бүгінде ұзындығы 13,3 шақырымдық 3 құрылыс және 3 қайта құру нысандары ел игілігіне жұмыс істеп тұр.

Ал 36 нысан немесе 133 шақырым жол келесі жылдарға өтпелі нысандар.