Шымкентте 30 мыңнан астам отбасыға тегін дәрі-дәрмек таратылады

0
966

Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді.


Шымкентте 30 мыңнан астам отбасыға тегін дәрі-дәрмек таратылады

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек үлестірілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары таратыла бастады. Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.
Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.
Дәрі-дәрмек қобдишалары Шымкент қаласы бойынша «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде таратылуда. Тізім бойынша жалпы 30962 отбасыға қарастырылған. АӘК таратуға бекітілген сауда үйінің мекен-жайлары келесідей:
Еңбекші ауданы, Жібек жолы 58, «Кабиско» аялдамасы, «Gramad Hypermarket».Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129, «Бекжан» автовокзалы
Қаратау ауданы, Қайтпас 1 ш/а Көшеров көшесі 10 үй, «Береке» дүкенінің жанында және Нұрсат ш/а «Шахан» сауда үйі.

Әл-Фараби ауданы бойынша дәрілік топтамалар тек 14-ші шілде күні дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Арғынбеков көшесі 124, Шахан-2, «Gramad supermarket» мекен-жайы бойынша таратылады. Ал, алдағы күндері ауданға қарасты Жангелдин көшесі 3, «Айгүл» аялдамасы, «Gramad» дүкенінен де алуға болады.