Шымкентте 300-ге жуық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді

0
534

Жөнделген көшелердің 9 данасы магистралды көшелер.


Шымкентте 300-ге жуық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 293 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы брифинг барысында мәлімдеді.

Ұзындығы 250 шақырымды құрайтын 152 нысанға (308 көше) орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінгі күні 239 шақырым, 140 нысанда (293 көше) жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Жөнделген көшелердің 9 данасы магистралды көшелер (Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Мангелдин, Тоқаев). Қалған 12 нысан (15 көше) 2023 жылға өтпелі.
Сондай-ақ, 4 аудан кесіндісінде 122,7 шақырым жолға шағал тас төселді. 3 мекен-жай бойынша оң жақ өткелдер салынды (Рысқұлов-Бәйтереков, Назарбаев-Шаяхметов, Өтегенов-Рысқұлов)