Шымкентте 3D форматындағы жаяу жүргінші жолағы пайда болды

0
2 434

Мұндай жолақ жол апатының азаюына әкелді. Бұл тәжірбие батыс елдерінде қолданылған.


Шымкентте 3D форматындағы жаяу жүргінші жолағы пайда болды

Шымкентте алғаш рет 3D форматындағы жаяу жүргінші жолағы пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте Т.Айбергенов көшесінде бұрын кәдімгі жаяу жүргіншілер жолағы болатын. Осындай ерекше 3D форматындағы алғашқы жаяу жүргінші жолағын "Shymkent" ӘКК-нің идеясы. Осы мекеменің Төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба құру идеясы оған шетелден келген екен.

"Шымкент - өте қарқынды жол қозғалысы бар қала, Өкінішке орай, жаяу жүргіншілер жолағында да жол апаты орын алуда. Бұл аумақ жүргізушілердің назарын аудартатын ерекше қосымша белгі болады деген үміттенемін. Мұндай тәжірибелер батыс елдеріде қайғылы оқиғаларды бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік берген", - деді Р. Аюпов