Шымкентте 44 млн теңге мемлекет қазынасына түспегендігі анықталды

0
495

Тек қана жоғары сұраныстағы нөмірлерді бергеннен мемлекет қазынасына 44 млн теңге қаржы мемлекеттік бюджетке құйылмаған.


Шымкентте 44 млн теңге мемлекет қазынасына түспегендігі анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен, салықтар және бюджетке төленентін басқа міндетті төлемдердің толық есептелуін, бюджетке төленуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік баждар мен алымдардың төленуіне үнемі бақылау жүргізіліп отырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Прокуратурасымен бірге уәкілетті органға тексеру жүргізу барысында 148 көлік иелерінің жоғары сұраныстағы (VIP нөмір) мемлекеттік тіркеу нөмірлерін бергеннен 44,6 млн теңге мемлекет қазынасына түспегендігі анықталды.
Оған қосымша 130 көлік иесінен механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алынатын 123,2 млн теңге алым бюджетке түспеген.
Еңбекші көшіп келушілерден Қазақстан Республикасы аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін 155,1 млн теңге жеке табыс салығы бюджетке түспеген.
Осыған орай, мемлекеттік бюджетке барлығы 320,0 млн теңгеден жоғары қаржы түспей отыр.