Шымкентте 5 қабатты ғимарат құлап, 3 адам қаза тапты

0
2 781

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себеп-салдары тексеріліп, анықталуда.


Шымкентте 5 қабатты ғимарат құлап, 3 адам қаза тапты

Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағындағы 5 қабатты зауытта темір-бетон плиталарының жабындысы құлап, ішінде жүрген 3 адамды басып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «112» басқару пультіне күндізгі сағат 14:43-те Қапал батыр тас жолында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағынан хабарлама келіп түскен.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінің 18 қызметкері мен кинологиялық қызмет және дәрігерлер жұмылдырылды.

ТЖД қызметкерлері үйінділердің астынан 1967, 1992 және 1999 жылғы 3 ер адамның денесін тапқан.
Марқұмдардың бірі қарауыл, екеуі жұмысшы екен.

Алдын ала ақпарат бойынша жұмысшылар бос қалған цехтағы металл конструкцияларды бұзбақ болған.


Жалпы бұл жұмыс істемей тұрған аумағы 2 мың шаршы метрлік нысан болып шықты.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себеп-салдары тексеріліп, анықталуда. Құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.