Шымкентте 50-ге жуық азамат тұрғын үй сертификатына ие болды

0
339

Оның ішінде толық емес отбасылар,көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер бар.


Шымкентте 50-ге жуық азамат тұрғын үй сертификатына ие болды

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаты бойынша 48 азаматтың өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде толық емес отбасылар,көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер бар.

Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы », «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 миллион теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар сондай-ақ, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.

Қалалық тұрғын үй басқармасы берген мәліметке сүйенсек, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап берілген. Осы жылы 21 азаматқа 20,4 миллион теңгеге, 2020 жылы 101 азаматқа 100 миллион теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілген.

Айта кетейік, тұрғын үй сертификатын алушылар санатына жататындар:

- мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көпбалалы отбасылар;

- толық емес отбасылар.

- Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022 жылға - 36 018теңге) соңғы 6 ай ішінде орташа табысы (111 656 теңге) аспауы тиіс. (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).