шымкентте 56 мыңнан аса адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

0
690

Оның ішінде 33 мыңнан астамы "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту" ұлттық жобасы шеңберінде қамтылған.


 шымкентте 56 мыңнан аса адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

Шымкент қаласындағы жұмыссыздар қатарын азайту мақсатында биыл 57 181 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Осы кезге дейін 56 379 адам мемлекеттік бағдарламалар аясында әртүрлі жұмысқа тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 33 мыңнан астамы "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту" ұлттық жобасы шеңберінде қамтылса, халықты жұмыспен қамту және тұрмысын жақсарту бағытындағы ауқымды жобалар аясында 11 784 адам кәсіпкерлікті қолдау шараларына ие болған.
Кешенді жұмыстар шеңберінде 452 шымкенттік мемлекеттік грант иеленсе, 8349 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған. Ал 10 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Сонымен қатар ұлттық жобалар аясында және азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жұмыс орындарына 23 мыңға тарта тұрғын орналастырылды.
Биыл 21-35 жас аралығындағы 261 азаматқа жеңілдетілген 2,5% шағын несие беру жоспарланған еді. Үміткерлердің 400-ден астамы бизнес жобасын қорғап, 231-іне комиссия оң шешім шығарды. 159-на қаражаты аударылып, бүгінде олардың көпшілігі жеке кәсіптерін бастап кетті.