Шымкентте 6 айлық сәби телефон құрылғысын жұтып қойған

0
1 407

Алты айлық сәбидің телефон қуаттағышын жұтып қойғанын ата-анасы байқамапты


Шымкентте 6 айлық сәби телефон құрылғысын жұтып қойған

ERNUR.KZ. Жергілікті дәрігерлер телефон қуаттағышының құрылғысын жұтып қойған 6 айлық сәбидің өмірін аман алып қалды, деп жазады Elitar.kz.

Мамандардың айтуынша, алты айлық сәбидің телефон қуаттағышын жұтып қойғанын ата-анасы байқамапты. Тек арада бір апта өтіп, денсаулығы сыр берген соң жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға әкелген. №1 клиникалық балалар ауруханасындағы дәрігерлер баланы шұғыл түрде тексеріп, рентгенге түсіру кезінде асқазанында бөгде зат бар екенін анықтаған.

«Біз алты айлық сәбидің асқазасындағы бөгде затты гастраскоптың көмегімен алып шықтық. Баланың асқазанынан шыққан зат телефон қуаттағышының құрылғысы екені анықталды. Сәби «хирургия» бөлімінде ем қабылдап шықты»,-дейді №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігері Әкім Түлкібаев.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың қазіргі жағдайы жақсы. Өміріне келер қауіп жоқ. Сәби мен анасы ауруханадан үйіне шығарылған. Осы ретте ақ халаттылар ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Өйткені қараусыз қалғанның салдарынан балалар түрлі бөгде заттарды жұтып, арты қайғылы жағдайға әкеліп жатады дейді мамандар.