Шымкентте 6 мың зейнеткер шипажайларда тегін ем алуға жіберіледі

0
739

Бүгін оның мыңға жуығына жолдама берілді.


 Шымкентте 6 мың  зейнеткер шипажайларда тегін ем алуға жіберіледі

Биыл Шымкентте 6 000 зейнеткер шипажайларда тегін ем алуға жіберіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін оның мыңға жуығына жолдама берілді.

Санаторияға үшінші рет жолдама алған 73 жастағы зейнеткер Сапар Ағабеков жұбайымен бұл жолы Тараз қаласында орналасқан «Айша бибі» шипажайында 12 күн ем қабылдады.
- «Айша бибі» кешеніне жеткенімізде шипажай қызметкерлері бізді жылы қарсы алды. 4 мезгіл тамақ берілді, мұнда ем қабылдаушыларға айрықша ықылас танытуға тырысып тұрады екен. Маған ұнағаны, саз балшықпен емдеу. Буын аурулары мен суық тигенге көп көмегін тигізді, - деді Сапар Ағабеков.
Айта кетейік, зейнеткерлерге жолдама құнына 50% жеңілдік жасалады. Азаматтар яғни, мемлекет тарапынан 6 күн тегін қызмет алып, ұнаған жағдайда қалған 6 күннің ақысын өз қалтасынан төлеп шипажайда қала алады.
Қазіргі таңда 80 жастан асқан қарттарға ай сайын 5 834 теңгеден әлеуметтік төлем төленеді. Одан өзге «үйде қызмет көрсету» көмегі қарастырылған.