Бір тәулік ішінде қалада 640 адам вакцина алды.
Шымкент қаласында 59 991 адам ревакцинацияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бір тәулік ішінде қалада 640 адам вакцина алды (I компонент- 277, II компонент- 363). Егу науқаны басталғалы барлығы 594 232 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 656 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 28 165 адам, II компонентін 13 012 адам қабылдады.