Биыл 18 тұрғын үй бой көтеріп, 1087 пәтер салынуда.
«Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан өткен жылы 1389 пәтер пайдалануға берілді. Биыл 18 тұрғын үй бой көтеріп, 1087 пәтер салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ондағы құрылысты «Damdes құрылыс invest», «Элит Строй Company», «Корпорация Ақ Ордасы», «Adiya Group» ЖШС жүргізуде.
Биыл 668 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Бұл - жалпы ауданы 44 160 шаршы метрді құрайтын 5 көп қабатты тұрғын үй кешені.
Осы жылы ӘКК 812 оқушыға арналған 2 мектеп құрылысын аяқтайды. Биыл Сайрам тұрғын алабында 312 орындық мектеп пен Құрсай шағынауданында 500 орындық бастауыш мектеп пайдалануға беріледі.