Шымкентте 7 күнінде 7 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

0
1 103

Осы жылдың 23-30 қараша аралығында қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді.


Шымкентте 7 күнінде 7 мыңға жуық  әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Шымкентте "Құқықтық тәртіп" іс-шарасының 7 күнінде 6611 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың 23-30 қараша аралығында қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты қала аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Іс-шараның 7 күнінде 6611 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде:
- Ұсақ бұзақылық – 933 жайт;
- Тыныштықты бұзу - 547;
- Қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу -1055;
- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы -487;
- ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру -1583;
- Көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау -658;
- Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы -1097; т.б. құқықбұзушылықтар.