Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым жол, 20 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс.
Шымкент қаласы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы саны 71 көше, яғни 49,8 шақырым жол белгіленген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым жол, 20 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Аталған жұмыстардың мердігері "Отау Строй" және "Алем Транс Жол " ЖШС, ал техникалық жобалаушы "Pride group" және "Банур-1" ЖШС бекітілген. Қазіргі уақытта 75%-ға жуық жұмыстар атқарылған.
Абай ауданы бойынша 9,1 шақырым жол, 17 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Баққараев, Арынқожа, Ахметов, Алтынбекұлы, Оралбайұлы, №1 өткел көшелері, Ауезов, Бақбаев, Алпысбаев, Саттарханов, Бейбітшілік, №1, №2, №3, №4, Орталық, Агропром көшелері кіреді. Аталған жұмыстардың мердігері ЖШС "Шымкент Дор Строй", ал техникалық жобалаушы ЖШС "Жобақұрылыс орталығы" бекітілген. Қазіргі уақытта 80%-ға жуық жұмыстар атқарылған.
Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шақырым жол, 17 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Замана,Ғажайып №1, Ғажайып №2, Шамшырақ,Несібе, Несібе №1, Несібе №2, Жасын, Жаңару, Бақыт ана, Өнеге, Сарыарқа, Үшқұдық, Үшқұдық №1, Үшқұдық №2, Керемет, Еламан көшелері кіреді. Аталған жұмыстардың мердігері ЖШС "Корпорация Береке -А", ал техникалық жобалаушы ЖШС "Мир-Строй и Компания" бекітілген. Қазіргі уақытта Еңбекші ауданы бойынша жұмыстар толығымен 100% атқарылған.